Еріктілер ел ішінде ем жүргізеді

21 Ақпан 2020, 19:20
2341
Бөлісу:
Еріктілер ел ішінде ем жүргізеді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дерттің біразы ниеттен туады. Пиғылы жаман жан – уайымшыл, кекшіл, ызалы болады. Ал ол жүрекке салмақ түсіреді, дейді академик, "Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының" директоры Сейтхан Жошыбаев.

Сондықтан да ол "Таза жүрек" атты жобаны ойлап тауып, Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, "Волонтер дәрігерлер қозғалысын" құрды.

Медициналық еріктілерді көбейту мақсатымен ірге қалаған ұйым өңір тұрғындары арасында қан айналым жүйесі ауруларына қарсы күрестің 2020-2022 жылдарға арналған "Таза жүрек" бағдарламасын жүзеге асыратын болады. Мұның көптеген жандарға септігі тиіп, дендерінің саулығына кепіл болатынына сенімдімін, - дейді Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер.

таза1.jpeg

Академиктің пікірінше, еліміздегі азаматтардың қазіргі орташа өмір сүру ұзақтығы 72,4 жасқа дейін екен. Алдағы уақытта оны 75 жасқа жеткізу көзделіп отыр. Ал қан айналымы жүйесінің аурулары әлемнің көптеген елдерінде өлім-жітімнің негізгі себепшісіне айналуда. Науқастар мен қайтыс болғандардың ең көп саны 35-тен 65 жасқа дейінгі ер адамдарға келеді екен. "Таза жүрек" бағдарламасы осы статистикалық мәліметті жақсартуды мақсат етеді.

Жүрегі таза, рухани бай жандар ғана түрлі аурулардан көбіне ада болатынын айтқан орталық жетекшісі еріктілерді де ізгі, мейірімді жандардың қатарына қосады.

Жобамызды жүзеге асыруға 30-дай ерікті қажет деп шешкен болатынбыз. Алайда жиналған еріктілер 70-80-нен асып жығылғанына қуанып отырмын. Алдағы уақытта осы жас еріктілердің көмегімен аудан-ауылдарды аралап, қарапайым халықты тексеруден өткізіп, анкета толтырып, аурудың алдын алып, ел саулығы мақсатында қызмет ететін боламыз, - деді Сейтхан Жошыбаев.


Өзгелердің жаңалығы