Әлішер Бекжан: Ерікті болу – өз қалауым

25 Ақпан 2020, 13:50
2958
Бөлісу:
Әлішер Бекжан: Ерікті болу – өз қалауым
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірі - еріктілер қозғалысы қарқынды дамыған аймақ. Бүгінде облыста он шақты волонтерлік ұйым тіркеліп, қайырымдылық жұмыстарын атқаруда. 

Белсенді үкіметтік емес ұйымдардың қатарында 20 жылдық тарихы бар әлеуеттік волонтерлік орталық бар. Бұл бірлестіктің жастары елімізде бірнеше мәрте үздік атанып, жұртшылықтың қошеметіне бөленген. Қайырымды белсенді жастардың қатарында - Әлішер Бекжан да бар. 26 жастағы азамат соңғы төрт жыл бойы әлеуметтік волонтерлікпен айналысып келеді. 

Волонтерлік қызметімді 2016 жылы бастадым. Сол жылы "Самал" оңалту орталығында жұмыс істеп жүрдім. Жаздың бір күні орталығымызға еріктілер тобы келді. Олар халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне волонтерлер іріктеліп жатқанын айтты. Дәл осы сәтте еріктілер қатарына қосылып, қоғамымызға өз пайдамды тигізгім келді. Бүгінде еріктілік өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл қызметсіз күндерімді елестете алмайтын сияқтымын, - дейді Әлішер.
1346 (1).jpg

Жас халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-көрмесінде мәдени шараларда еріктілер қатарында болды. Сонымен қатар, Мәскеуде өткен "Ерікті - 2017" бүкілресейлік форумға еліміздің атынан қатысты. Сол шарада ТМД елдері кеңістігінде еріктілік қозғалысына қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды. Осы жылы Қазақстанның үздік волонтері атанды.

Әлішер Инновациялық Еуразия университетін психолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Әлеуметтік бағытты таңдағаны да сондықтан. 

Биылғы жылы "Еріктілер жылы" болып жарияланғандықтан, жұмысымызды күшейтпекпіз. Біздің ұйым қарттар және балалар үйлерімен, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қамқорлыққа алдық. Бұл іске жастарды көптеп тартқымыз келеді. Екі жыл бойы үздік волонтёр атануым - менің үлкен командамның ортақ жемісі, - дейді Әлішер Бекжан. 
1346 (3).jpg

Әлішер ардагерлерге көмек көрсету аясында 100-ден астам волонтерлік рейдке қатысып, бесенді азаматтық позициясын дәлелдей білген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынас орнатқан. Ал балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін ас әзірлеу, үй тұрмысындағы негізгі дағдыларға үйретеді. 

Павлодарда психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арналған "Альрами" клубтық үйі бар. Біз осында жиі келеміз. Оларға шығармашылық терапия арқылы, яғни сурет салу арқылы көмек көрсетеміз. Павлодар облысында еріктілер әлеуметтік волонтерлік жақсы дамып келеді. Өзге өңірлерде оқиғалық, ивент еріктілік бағыттар бар. Дегенмен, біз әлеуметтік бағытта еңбек етеміз, - дейді волонтер.
1346 (4).jpg

Ал Әлішер былтыр Павлодар облысының үздік 30 ерікті тобына қосылды. Бүгінде еріктілік қызметті әлеуметтік желілер арқылы насихаттауды қолға алған. Өткен жылы, сонымен қатар, Birlik форумында "Әлеуметтік волонтер" атылымы бойынша бірінші орынға ие болған.

Өзгелердің жаңалығы