Ерғалиев: “Қасіретті қаңтар” бізге сабақ болсын

12 Қаңтар 2022, 20:00
2294
Бөлісу:
Ерғалиев: “Қасіретті қаңтар” бізге сабақ болсын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев айтты.

Қазақта  «елің тыныш болса сен де тыныш боларсың» деген сөз бар. Сол рас екен! Жаңа жылдық мерекелі күндеріміз алаң көңілмен өтті. Әйтеуір, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл әрі дұрыс шешімді жедел қабылдай білуінің арқасында Тәуелсіздік туы жығылмай қалды. Аса қауіпті жағдайлар болып жатты, -деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Ерғалиев сол оқиғалардың ең ауыры кісі өліміне жол берілгендігі екенін атады.

Ойланасың! Апыр-ай, осыншама қаруы бар содырлар Алматыға қалай және қайдан келіп лап қойды? Әрине, мұның барлығына да сараптау, талдау, ой мен көз жүгірту керек болары анық. Осы орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде:«Еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет, -деді Ж.Ерғалиев.

Жабал Ерғалиевтің пікірінше, бәріміз сабыр сақтап, жел сөзге ермей, бәрінің салдары мен себебінің анығы мен қанығы белгілі болған жағдайда ғана ой айту керекпіз.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде діннің жат ағымдары тарап жатқандығы және де олардың еркінсулеріне жол беріліп жатқандығы ертеден белгілі де болған-ды. Діни экстремизм ана бір жылдары Ақтөбеде бас көтеріп, бұл қауіптің бар екендігін аңдатып еді ғой. Экстремистік дін ағымдары өз еліміздегі әлдебір топтарға қажет те болды ма екен? Не де болса еліміздің қауіпсіздігі мәселесін ойлаған сәтте алдағы уақытта осы жайдың да есте болғаны керек, -деді Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы