Ерғалиев Президенттің 70-ке жуық тапсырмасын қалай орындайтынын айтты

2 Қыркүйек 2021, 09:18
6042
Бөлісу:
Ерғалиев Президенттің 70-ке жуық тапсырмасын қалай орындайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Барлығы 70-ке жуық тапсырма берілді. 6 заң қабылдау қажет. Бұл – стресті активтерді экономикалық айналымға қайтару, жеке қосалқы шаруашылықтар, агломерацияларды дамыту, ғылымды дамыту және, кәсіби біліктілік туралы заңдарға сондай-ақ Салық және Бюджет кодекстеріне өзгерістер енгізу, - деді Ерғалиев.

Оның айтуынша, 3 тұжырымдама бекіту қажет.

Бұл – Мемлекет қаржысын басқару, көші-қон саясаты, сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамалары. Әрбір өңір үшін Инфрақұрылымдық даму бағдарламалары әзірленетін болады. Мемлекет басшысы 5 жаңа бастаманы жариялады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайту. Өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін реттелетін сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шеңберінде «ұтымды» шараларды әзірлеу. Еңбекақы төлеу қорына жүктемені 2023 жылдан бастап 34%-дан 25%-ға дейін төмендетуді көздейтін микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу, - деді ол.

Министр жекелеген азаматтық қызметкерлердің жалақысын 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 20%-ға арттыру керегін айтты.

Зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банктің» есепшотқа аударуға мүмкіндік беру. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін болады, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы