Бас жаңалықтар
Ереже қатаң сақталып, тәртіп бұзылмауы тиіс – Көлгінов
21 Наурыз 2020, 15:12 355

Ереже қатаң сақталып, тәртіп бұзылмауы тиіс – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блок-бекеттерінің жұмысын тексерді. Елордада 6 блок-бекет орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан.

Осы елді-мекендердің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекарасына енгізілді. Қалған тұрғындарға қалаға кіріп-шығуға 22 наурыз сағат 00-ден бастап тыйым салынады.
Қалада карантин жарияланды. Барлық қабылданған шаралар бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Көптеген адамдар жағдайға түсіністікпен қарайды, бұл қуантарлық жайт. Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс Демек, блок бекеттерде қатаң ережелер бар. "Жасыл дәліз" азық-түлікпен қамтамасыз ететін көліктер үшін ұйымдастырылды. Бекеттерде бақылау аймақтары мен қызмет көрсету пункттері орнатылған, барлық учаскелерде әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері еңбектеніп жатыр. Санитарлық шаралар күшейтілді, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын. Әкім азаматтарды үйден қажетсіз шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...