Ерейментауда жаңа жел электр стансасы салынуда

24 Қыркүйек 2020, 03:30
2392
Бөлісу:
Ерейментауда жаңа жел электр стансасы салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерейментау ауданында қуаты 30 МВт тағы бір электр стансасы салынуда. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жел электр станциясының қуаты 30 МВт. Жоба құны 5,6 миллиард теңгені құрайды. Әзірге құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталып, үш турбина қатарға қосылған. Екінші кезеңде 25 МВт қуат өндіретін 14 турбина іске қосылады. Бүгінде «Ereymentau Wind Power» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жел электр станциясы жалпы қуаты 4,8 МВт болатын 11 турбинаның құрылысын жүргізуде. 

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында басталған құрылыс жұмыстары 2021 жылы толық аяқталады. Станцияның құрылысына 160 адам тартылған. Толық пайдалануға берілген кезде тұрақты 8 жұмыс орны ашылады. Өңірге құйылған инвестиция құны 26,6 миллиард теңгені құрайды. Жел электр станциясы жылына 180 миллион кВт энергия өндіруді көздеп отыр. Пайдалануға берілгеннен кейін өңірді электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етудің сенімді көзі болмақ әрі қала бюджетін толтыруға игі әсерін тигізбекші, - делінген хабарламада. 




Өзгелердің жаңалығы