Ердоғанның емеуіріні

16 Ақпан 2020, 15:30
1867
Бөлісу:
Ердоғанның емеуіріні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияда Башар Асад режимі ақпан айы соңына дейін келісіммен бекітілген шекараларға кері шегінбеген жағдайда, Түркияның операция бастайтынын білдірді. 

Ердоған Сирияны террор ұйымдары мен режимнің "зұлымдығынан тазаламай бізге ұйқы харам" деді. Бұл туралы Trt.Net сайтында хабарланды. 

Ол Түркияның Сириядағы зұлымдығын тоқтату және шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету табандылығын тағы бір рет баса айтты. Режим күштері Сочи келісімінің шекараларына кері шегінгенше Идлибтегі мәселенің шешімін таппайтынын атап көрсеткен президент қажет жағдайда Идлибте Түркияның жалғыз қозғалатынын атап көрсетті.

Қазір Сирияда жедел түрде қозғалатын Идлибте шешім режим күштерінің шабуылдарын тоқтату. Яғни мұның алдында жасалған келісімдерде атап көрсетілген шекараларға кері шегінуі. Керісінше ақпан айының соңында мұны өзіміз жасаймыз. Мұны достарымыздың қолдауымен жүзеге асыра алсақ ризамыз. Алайда мұны қиын жолдан орындау керек болса біз оған да дайынбыз, - деді Түркияның мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы