Ердоған Назарбаевқа: Өкінішпен естідім

19 Маусым 2020, 13:53
1772
Бөлісу:
Ердоған Назарбаевқа: Өкінішпен естідім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.

Ол коронавирус жұқтырып алған еліміздің Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуін тіледі.
Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін. Қажеттілік туындаған жағдайда қолымдағы барлық мүмкіндігіммен жаныңыздан табыламын, - дейді Ердоған жолдаған жедел хатында.

Ол қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолындағы барлық мүмкіндігімен көмектесе алатынын айтқан.
Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезіммен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін, - дейді Ердоған.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғанын 18 маусымда баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы