Бас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысында болды
28 Қазан 2020, 11:04 150

Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердің эпидемиологиялық жағдайы және коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығымен танысу мақсатында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысында болды. 

Жедел кеңесте Атырау облысының әкімі өңірдің COVID-19 екінші толқынына дайындығы туралы баяндады. 

Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов өңір басшылығына эпидемиологиялық ахуалды, халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ ӨЖЖ аппараттары және оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілу мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. 

Сондай-ақ, өңір басшылығына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. 


Жұмыс сапарының барысында вице-премьер 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысының барысымен танысты, облысты дәрі-дәрмекпен қамтудағы тұрақтандыру қорына және аймақтың дәріхана желілеріне 42 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізетін «Іңкәр» ЖШС қоймасының жұмысымен танысты. 

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Атырау қаласының № 4 емханасында болды. Бүгінгі күні өңірде бірінші болып келушілердің дене қызуын автоматты түрде өлшейтін роботты іске қосқан емханада 343 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов өңірде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан алты жолақты автожолдың құрылыс жұмыстарының сапасымен және 600 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.


Фото: дереккөз
Загрузка...