«Ералаштың» авторы Борис Грачевский коронавирустан қайтыс болды

15 Қаңтар 2021, 11:16
1923
Бөлісу:
«Ералаштың» авторы Борис Грачевский коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ералаштың» көркемдік жетекшісінің вирусқа шалдыққаны туралы 21 желтоқсанда белгілі болған еді, содан бері оның жағдайы біртіндеп нашарлай берген.

«Ералаштың» көркемдік жетекшісі Борис Грачевский коронавирустан қайтыс болды, ол 71 жаста еді. Бұл туралы оның әйелі Екатерина Белоцерковская мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Грачевскийдің бойынан COVID-19 вирусы 21 желтоқсанда анықталды. Алты күннен кейін ол бірден ауруханаға жатқызылды, одан  реанимацияға ауыстырылды. Ізінше комаға түскен соң, өкпені желдеткіш аппаратына қосылды.

11 қаңтарда Грачевский есін жинап, дәрігерлермен ым-ишарамен сөйлесе бастаған, бірақ көп ұзамай жағдайы қайта нашарлаған соң, актер қайтадан комаға түскен.

Өзгелердің жаңалығы