Ер адамда баламды өзім асыраймын, жеткіземін деген намыс болу керек - Нұрсұлтан Назарбаев

2 Сәуір 2019, 12:53
2845
Бөлісу:
Ер адамда баламды өзім асыраймын, жеткіземін деген намыс болу керек - Нұрсұлтан Назарбаев

Алматы,  BAQ.KZ тілшісі. Қазір мәселе жұмыссыздықта емес, мамандық жоқ. Маманы бар адам жұмысты әр жерден табады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты.

“Жақында мен шешім қабылдап, басқа жұмысқа ауысқанымды білесіздер. Президенттікті бердім. Себебі, әр ұрпақтың өз уақыты, істейтін жұмысы бар. Бірақ мен Елбасы ретінде биліктің ең жоғарғы сатысына келіп, одан әрі не істеп жатқанын көріп, стратегиялық мәселелерге көңіл бөлу үшін осылай шештім. Менің орныма келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза Қазақстанның белгілі азаматы. Менің үмітімді орындайды деп сенемін. Мен сіздерге сол мәселемен келдім. Туған жерге табынып кетейін, жүздесейін деп. Құдай бұйыртса Қазақстанның болашағы зор деп айтуға келдім”, - деді ол.

Сондай-ақ ол, жастарға оқу оқысын, тіл үйренсін деп жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

“Болашақтың барлығы ғылым, білімде жатыр. Қазақстанның болашағы өте үлкен деп сенемін. Ол үшін барлық жағдай жасалды. Оқу, медицина,  спорт мәселелері бойынша. Ауыл үшін де талай бағдарлама жасалды. Шағын несиелер беріліп жатыр жұмыс істеймін дегендерге, мамандығы жоқтарға мамандық беріліп, жұмысқа тұрғызады”, - деді Елбасы.

Сонымен қатар ол, қазір мәселе жұмыссыздықта емес, мамандықтың жоқтығында екенін айтты.

“Маманы бар адам жұмысты әр жерден табады. Ауылда болса, ол адам үй сала білуі, аспазшы болуы керек. Содан кейін көпбалалы аналарға, тұрмысы нашар адамдарға көмек жасалып жатыр. Ең төменгі жалақы  жыл басынан бастап 1,5 есе көбейтіледі. 1 сәуірден бастап көпбалалы аналарға, әр балаға, табысы төмендерге беріліп жатыр. Осының барлығы мемлекеттен бере бер деп отырмай жұмыс істеуі керек. Қай қазақ баланы туғызып, көршісіне асыра деп береді. Еркек адамның намысы болуы керек. Баланы туғыздым, өзім асыраймын жеткіземін деп. Дүниежүзінде солай. Мен Қарақалпақстаннан келдім 10 баламен оларды асыра дейді. Біз жұмыс беруіміз керек елге. Бала шағасын асырау адамның өз басындағы міндеті. Біздің аналарымыз солай асырады», - деді Н.Назарбаев.

Осыған дейін, Шамалған тұрғындары Елбасымен кездесуге дайындалып жатыр деп жазғанбыз.
Елбасымен кездесуге Шамалған ауылының 3 мыңдай тұрғындары жиналған. Кездесу барысында Елбасы Қазақстанның орталығы қандай болса, елі де сондай деп түсінеді деп атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы