Эпидемиолог вирусты кімдер жұқтырып жатқанын айтты

1 Сәуір 2021, 12:30
4222
Бөлісу:
Эпидемиолог вирусты кімдер жұқтырып жатқанын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады. 

Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай ұшығып тұр. Қала бұрынғыдай «қызыл» аймақта. 

Пандемия басталғалы қалада вирус жұқтырудың 34 598 жағдайы тіркелген. Ал 2021 жылдың басынан бері 16 077 жағдай анықталды, оның 9 525 жағдайы тек наурыз айында тіркелген. Яғни наурыз айында жұртшылық арасында вирустың тарауы өрши түскен. Соңғы 7 күндегі вирустың таралу динамикасы өте жоғары, мәселен, 25 наурыз күні 333 жағдай анықталса, 31 наурызда ол 515-ке жетті, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол вирусты кімдер көптеп жұқтырып жатқанын атады. 

Кеше вирус анықталғандардың көпшілігі жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар немесе ЖШС-де жұмыс істейтіндер. Сондай-ақ жұмыссыздар да бар. Вирусты негізінен осы санаттағы адамдар жұқтырып жатыр, - деді эпидемиолог.
Өзгелердің жаңалығы