Эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда – Сағынтаев

6 Шілде 2020, 15:24
1253
Бөлісу:
Эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін  Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Алматы қаласындағы КВИ бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай елімізде енгізілген екі апталық шектеулерге байланысты екі күннен бері жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, бірқатар кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Оның ішінде дені шағын және орта бизнеске байланысты. Жалпы, 680 мыңға жуық жұмыс орнының қызметі тоқтатылды. Эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, жағдай бақылауда, бірақ күрделі. Жалпы, өңірде 6202 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Күнделікті өсім  1,1%, оның ішінде сырқаттанғандардың негізгі бөлігі жұмысқа қабілетті тұрғындарға тиесілі (82%). Індеттен 2485 адам жазылып шықса, 26 адам көз жұмған. 1772 адам инфекциялық стационарда ем-дом шараларын қабылдауда, 1215 науқас провизорлық стационарда емделуде. 6 шілдеде анықталған науқастар саны – 113, реанимацияда 64 науқас жатыр. Аурудың ауырлық дәрежесіне назар салар болсақ, жағдайы аса ауыр науқастар саны 24, 1049 науқастың жағдайы ауыр, 1264 науқастың жағдайы орташа ауыр және 135 науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, - деді әкім.

Қала әкімі медициналық мекемелердегі төсек-орын мөлшеріне қатысты мәліметпен бөлісті. 

Бүгінде өңірде 4232 төсек-орны бар 19 стационар жұмыс істеуде. Эпидемия басталған уақытпен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9 есеге өскен. Айта кету керек, ертең 150 адамға арналған тағы бір стационар ашылғалы отыр. Апта соңына дейін урология ғылыми орталығы базасында тағы 150 адамға арналған стационар ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, "Халық арена" базасында стационар ашылады. Оның алғашқы 200 төсек-орны осы аптаның соңында пайдалануға берілмек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы