Бас жаңалықтар
Эпидахуалды бағалау матрицасы 3 күн бойы өзгеріссіз тұр
13 Мамыр 2021, 10:03 269

Эпидахуалды бағалау матрицасы 3 күн бойы өзгеріссіз тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

2021 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...