Бас жаңалықтар
ЕО Сирияға қарсы санкцияларды кеңейтті
05 Наурыз 2019, 10:22 215

ЕО Сирияға қарсы санкцияларды кеңейтті

Алматы, BAQ.KZ. Еуроодақ сириялық билікке қатысты шектеу шараларын кеңейтті. Қара тізімге үкіметтің тағы жеті өкілі кірді. Бұл туралы ЕО-ның ресми журналында жарияланды.


«Сирия үкіметінде жақында тағайындалған министрлер мен губернаторлық құрамға байланысты жеті адамға шектеу шаралары қолданылады»,- делінген құжатта.

Журналда жарияланғандай қара тізімге жеті министр енген. Олар ішкі істер, туризм, жоғары білім, ағарту, тұрғынүй құрылыс және қоғамдық жұмыс, коммуникация және технология, өнеркәсіп министрлері. 

ЕО Кеңесінің түсіндіріуінше, Еуроодақтың қара тізіміне Сирия бойынша 277 адам мен 72 компания еніп отыр.

Сізден жаңалық