ЕО мен Ұлыбритания Brexiт бойынша келісімге жетті

18 Қазан 2019, 02:46
1541
Бөлісу:
ЕО мен Ұлыбритания Brexiт бойынша келісімге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы санаулы уақыт бұрын осы келіссөздерге қатысқан Еуроодақтың бас өкілі Мишель Барнье хабарлады, деп жазды 24.kz.

Оның айтуынша, қол жеткен уағдаластық бойынша Ирландия және Солтүстік Ирландия арасына шекара салынбайтын болды. Келісімді осы айдың аяғына дейін қос тараптың парламенттері бекітуі тиіс.

"Біз Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан реттелген түрде шығу туралы келісімге қол жеткіздік. Келешек қарым-қатынастарымыз туралы да келістік. Соңғы күндері қайшылықтар болғанмен, түбі ымыраға келдік. Жаңа келісімде қос тарап азаматтарының құқықтары қорғалған және Ұлыбритания Еуроодақ бюджеті бойынша өз міндеттемелерін орындай алады. Өтпелі кезең 2020 жылдың аяғына дейін жалғасады, бәлкім тағы да бір жылға ұзаруы мүмкін. Келісімді уақытында, 31 қазанға дейін ратификациялауға болатынына сенімім бар", - деді Еуроодақтың бас өкілі Мишель Барнье Brexit бойынша келіссөзден кейін жасаған мәлімдемесінде.




Өзгелердің жаңалығы