ЕО елдері бюджет туралы келісе алмады

22 Ақпан 2020, 06:32
1816
Бөлісу:
ЕО елдері бюджет туралы келісе алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдастықтың көп жылдық бюджетін келісу жоспарланған ЕО саммиті нәтижесіз аяқталды, деп хабарлайды РИА Новости.

 

Біз осы саммитте көп жұмыс жасадық, бірақ бізге көп уақыт қажет деп айтуға мәжбүр болдық, - деді ЕО төрағасы Чарльз Мишель.

 

Өз кезегінде Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен тараптардың бюджет туралы келісімге келуі үшін әлі ұзақ жол бар екенін айтып өтті.

Жыл аяғына дейін біз бәрін аяқтауымыз керек, әйтпесе 2021 жылы біз бюджеттен қаламыз, - деді Еурокомиссияның басшысы.

 

20 және 21 ақпанда Брюссельде Еуропалық Одақтың 2021 жылдан 2027 жылға дейінгі жеті жылға арналған жаңа ұзақ мерзімді бюджетіне арналған арнайы саммит өтті. Еуроодақ төрағасы Шарль Мишель ұсынған бюджет жобасы еуропалық көшбасшылардың қолдауын таба алмады.

 

27 елдің көшбасшылары әзірге бюджет параметрлері бойынша да, шығындардың нақты баптары бойынша да келісе алмайды. БАҚ-тардың хабарлауынша, Батыс Еуропаның бірқатар қаржылық өркендеген елдері жалпыеуропалық бюджетке жарналарды ұлғайту идеясын қолдамайды. Сонымен бірге, Шығыс Еуропа елдері кедей аймақтарға көмек көрсетуді қысқартуға қарсы.

 

Өзгелердің жаңалығы