Энергетикалық кешендер жаңартылады - Әсет Ерғалиев
05 Қараша 2021, 15:09 112

Энергетикалық кешендер жаңартылады - Әсет Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Төртінші бағыт экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында энергетикалық кешенді жаңғыртуды көздейді, - деді ол.

Министр 2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту есебінен 5 404 МВт қосымша қуатты, оның ішінде 2 400 МВт ЖЭК қуатын, 1 400 МВт бу-газ қондырғыларын және 1 604 МВт іске қосу жоспарланғанын айтты.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау облыстары арасында электр жеткізу желісінің екінші тізбегін (220 кВ) салу жоспарлануда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК-тен алынатын электр энергиясының үлесі 6%-ға жетеді. Жобаларды іске қосу экономиканың электр энергиясына қажеттілігін 120 млрд кВт/с. дейін өтейді, - дейді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Фото: дереккөз
Загрузка...