Бас жаңалықтар
Энергетикалық кәсіпорындарға 26 млн теңгеден астам айыппұл салынды
19 Қазан 2020, 21:36 173

Энергетикалық кәсіпорындарға 26 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеттің аумақтық департаменттері, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуына 220 жоспардан тыс тексеру жүргізді, тексерулердің қорытындысы бойынша 126 нұсқама шығарылды. 

Нұсқамалардың орындалуы аумақтық департаменттердің бақылауында.

Жоспардан тыс тексерулердің ең көбі келесі аймақтарда жүргізілді:

- Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы - 32 тексеру.

- Павлодар облысы - 29 тексеру

- Қызылорда облысы - 24 тексеру

Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша әкімшілік істер жасалды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млн 37 мың теңгені құрады, оның 23 млн 251 мың теңгесі мемлекет кірісі ретінде өндірілді. Жоғарыда аталған бақылау шаралары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде еліміздің энергетикалық кәсіпорындарында 3610 технологиялық бұзушылық тіркелді.

Оның ішінде: 3 апат, І дәрежелі 27 істен шығу және ІІ дәрежелі 3580 істен шығу.

Комитеттің аумақтық департаменттеріне өтініштер бойынша 698 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 373, заңды тұлғалардан 325 өтініш келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% (61 өтініш) төмендеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...