Энергетика вице-министрі: Көршілер газды біз арқылы тасымалдайды

5 Қараша 2021, 15:43
1193
Бөлісу:
Энергетика вице-министрі: Көршілер газды біз арқылы тасымалдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков хабарлады.

Елімізде газ тапшылығы жоқ екендігін алға тартқан ведомство басшысы бізге импорт арқылы газ жеткізілмейді деп отыр.

Біз қазіргі уақытта көрші елдерден импортты газ алмаймыз. Қырғызстан Өзбекстаннан газ сатып алуда. Ол Қазақстан арқылы жүреді. Оның көлемі 300 млн-ға жуық, – деді Мұрат Жөребеков.

Оның айтуынша, отандық газ бүгінде Қытай мен Ресей елдеріне газды экспортталады. Газдың қорына тоқталар болсақ, ол 4 трлн текше метрге жуық. Бірақ ол ілеспе газ, яғни жердің астындағы газ болып табылатындықтан, оны жер бетіне шығарып, өндіру үшін үлкен инвестиция керек. Сол бағытта белсенді жұмыстар атқарылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы