Энергетика саласына қосымша инвестиция тартудың қажеттілігі бар ма?

27 Қазан 2021, 15:05
1700
Бөлісу:
Энергетика саласына қосымша инвестиция тартудың қажеттілігі бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев энергетика саласына қосымша инвестиция тартудың қажеттілігі туралы айтып берді.

Сіз энергетика саласын дамытуға инвестиция тарту қажеттігін айттыңыз. Энергетикалық кешен жобаларына бұдан бұрын салынған қаражат қаншалықты тиімді болды? Жалпы, қосымша инвестиция тартудың қажеттілігі бар ма? – деп редакциямыз сауал жолдады.

Өз кезегінде министр сұраққа былай деп жауап берді.

Негізгі энергетикалық қорлардың жоғары тозуын ескере отырып, энергетикалық секторды 2060 жылға дейін жаңғырту шамамен 305 млрд АҚШ доллары инвестиция көлемін тартуды талап етеді. Қосымша инвестицияларды тарту көмір стансаларын жаңғырту, бу газ қондырғыларына көшу және жасыл сутегін дамыту үшін қажет. Көміртекті ұстау және сақтау технологияларын енгізу үшін 37,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестициялар қажет болады, - деді Серікқали Брекешев.

Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков те жауапты толықтыра кетті.

Қазіргі таңда біздің бар қуатымыз – 23 мың мегаватт (МВт). Оның 53%-ы тозған. 2009 жылдан бастап қазіргі таңға дейін шамамен 4,5 мың МВт қуатына модернизация жасадық. Енді қалған 40%-ына инвестиция тартып, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуіміз керек, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы