Энергетика министрлігі елімізде АЭС салу ұсынысына түсініктеме берді

4 Сәуір 2019, 11:42
2789
Бөлісу:
Энергетика министрлігі елімізде АЭС салу ұсынысына түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанда Атом электр стансасын салу туралы ұсынысына түсініктеме берді.

«Бізде Атом электр стансасын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Әзірге біз алаңды ғана анықтап қойдық, енді өзімізге ең қолайлы технологияны таңдаймыз, әлі де сөйлесеміз», - деді Мағзұм Мырзағалиев Сенат кулуарында берген сұхбатында.

Вице-министр Атом электр стансасын салу мәселесі қосымша зерттеуді қажет ететінін айтты.

«Біз аталған мәселені әрі қарай зерттейміз, бірақ Атом электр стансасын салу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Алаң ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылын белгіледік», - деп толықтырды Мағзұм Мырзағалиев. 

Атап өтсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Ресей президенті Владимир Путин елімізде ресейлік технологиялар бойынша Атом электр стансасын салуды ұсынды. Владимир Путин осылайша Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің энергетика саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы