Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізеді – Ақшолақов 

12 Қаңтар 2022, 09:44
1424
Бөлісу:
Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізеді – Ақшолақов 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. 

Сұйытылған мұнай газына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді және литр үшін 50-75 теңге диапазонына дейін төмендетумен бөлшек сауда бағасы бекітілді. Энергетика министрлігі  2 бұйрық бекітті: 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру бойынша бұйрық, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізеді, - деді Ақшолақов.

Ол атағандай, бүгінгі күні электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленді.

Қысқа мерзімді шаралар ретінде биылғы қаңтар айының соңына дейін Үкіметке сұйытылған мұнай газы бағасының күрт өсуін шектейтін ашықтық қағидаттары мен тетіктерді енгізуді ескере отырып, электрондық сауда алаңдары,тауар биржалары арқылы сұйытылған газ саудасын одан әрі жетілдіру жөнінде кешенді шаралар енгізіледі, - деді Болат Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы