Энергетика министрлігі: Егін егу науқанында дизель тапшылығы болмайды

11 Мамыр 2022, 16:00
1272
Бөлісу:
Энергетика министрлігі: Егін егу науқанында дизель тапшылығы болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, егін егу науқаны кезінде дизельдік отын тапшылығының орын алу қаупі төніп тұрған жоқ.

Ондай қатер жоқ. Тіпті, бөлшектеп сату нарығын дизель отынымен қамтамасыз ету тұрғысында айтарлықтай қиын жағдай орын алған былтырғы жылдың өзінде басымдық ең алдымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге заңнамалық тұрғыда басымдық берілгені белгілі. Ағымдағы кестеден-ақ істің қалай жүргізіліп жатқанын аңғаруға болатын. Ақпан мен сәуір аралығында ол белгіленген жоспарлық көлемнің 92%-ын қамтыды. Біз ешқандай да тәуекелді көріп тұрған жоқпыз, бәлкім қандай да бір бөлігі соңына дейін жеткізілмеуі мүмкін. Барлығы шаруалардың қаржы құралдарының болуына және келісімшарт жасасу жұмыстарының дер кезінде жүзеге асырылуына байланысты, - деді вице-министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл елімізде дизотынды үлестіру жүйесі іске қосылатыны туралы жазған болатынбыз.Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігімен аталған деректер базасын жасау бойынша жұмыс барысы келісілген. Бұл жүйе ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен жеткізушілер арасында тікелей келіссөздер жасауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы