Бас жаңалықтар
Енді салық берешегін төлеушінің шотындағы бұғат бірден шешіледі
22 Маусым 2021, 18:02 389

Енді салық берешегін төлеушінің шотындағы бұғат бірден шешіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты.

Оның айтуынша, оныншы маусымда Сенат салық заңнамасына қатысты өзгерістерге қол қойды.

Солардың бірі шотты бұғатау мәселесіне байланысты. Бұрын салық төлеуші берешегін төлесе, шотын үш күннен кейін, кейде бір аптадан кейін пайдалана алатын. Енді біз банктерге салық төлеуші берешегін төлегеннен кейін шотын бірден пайдалануға рұқсат бердік, - деді ол.

Ол сонымен қатар бизнес иелерінің де шотты бұғаттауға қатысты ұсынысты ескергендерін атап өтті.

Осы заң жобасы әзірленгенде бизнес тағы бір мәселені көтерді. Ол салықтық берешектің мөлшері төмен болса да шоттарының бұғатталуы. Енді біз шекті мөлшерді белгіледік. Бұл мөлшер 6 айлық есептік көрсеткіш. Егер берешек одан төмен болса, шот бұғатталмайды, - деді Азамат Амрин.

Бұған дейін салық міндеттемелерін смартфон арқылы жүзеге асыруға болатынын жаздық.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...