Енді мұғалімдер біліктілік курстарына тегін қатыса алады

2 Қыркүйек 2021, 10:51
5853
Бөлісу:
Енді мұғалімдер біліктілік курстарына тегін қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұғалімдер біліктілік курстарына тегін қатысады. Ол үшін тиісті заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Педагогтардың біліктілігін арттыру кезеңінің үш жылда бір рет болып қайта қарастыруға қатысты сөз қозғады.

Осы тапсырма шеңберінде педагогтың кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. «Білім туралы» заңға қажетті өзгерістер енгіземіз. Президент айтып өткендей, педагогтар арнайы біліктілік курстармен толығымен қамтылмай, өз қаражаты есебінен өтеуге мәжбүр болған. Енді Президент тапсырмасы шеңберінде педагогтар курстармен тегін қамтамасыз етіледі, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Білім министрі Президент тапсырмасына сәйкес 1 000 мектептің қалай салынатынын айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы