«Енді ешкімде реніш жоқ». Жақып Асанов сот жүйесіне енген өзгерістер туралы айтты

23 Қазан 2020, 11:20
3398
Бөлісу:
«Енді ешкімде реніш жоқ». Жақып Асанов сот жүйесіне енген өзгерістер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов  Қазақстан судьяларының VIII съезінде сот жүйесіне енген өзгерістер туралы айтты.

Биылғы басқосудың екі ерекшелігі бар. Пандемияға байланысты соттар да жаңа жұмыс тәсіліне көшті. Басты міндет – халық денсаулығын сақтай отырып, олардың құқықтарын қорғау. Процестеріміздің 95 пайызы қашықтан өтіп жатыр. Күніне 4,5 мыңға жуық онлайн процесс жүзеге асырылады. Екінші ерекшелікті айтатын болсақ, жиынымызға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан соттарының басшылары, Германия, ЕАЭО судьялары, мемлекет елшілері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Демек, біздің съезд халықаралық мәртебеге ие болып отыр деген сөз, - деді ол. 

Асановтың айтуынша, қоғам тез өзгеріп жатыр, сот та заманға сай өзгеруі керек. 

Әр елдің сотында үш негізгі түйіткілді мәселе бар. Біріншісі – жаңа судья ретінде кімді іріктеп алған дұрыс? Жұмыс істеп жүрген судьядарды қалай ынталандырып, еңбегін бағалаған жөн? Екінші мәселе – олардың үкімдері мен шешімдерінің сапасы. Үшіншісі – соттағы ыңғайлы сервис. Осы міндеттер соңғы үш жылда қалай шешілді? Алдымен, заңдарға түзету енгізбей-ақ түйіткілді мәселелердің шешімін таптық. Мысалы, заңгерлер мен адвокаттар гаджеттерді процеске енгізуге тыйым салуға наразы болды. Құшақ қағазды алып жүрудің қажет не? Барлығы ноутбукте тұрған кезде. Енді ешкімде реніш жоқ. Соттардың ресми рейтингі деген болды. Ол қатардағы судьялардың тәуелсіздігіне қысым көрсету болатын. Рейтинг жойылды, енді ешкім көрсеткіштер үшін жарысқа түспейді, - деді ол. 

Асановтың айтуынша, кез келген мемлекеттік органда шешімді бүкіл аппарат дайындайды, нүктені басшы қояды. 

Бізде олай емес. Судья алғашқы күннен бастап өзі жазады және өзі шешім шығарады. Оған ешкім нұсқау беруге құқылы емес. Жұмыс өтілі 20 жыл ма, кеше тағайындалды ма, айырмашылық жоқ. Қате үшін жауапкершілікті барлығы бірдей көтереді. Сондықтан ЖСК-мен бірлесіп бүкіл таңдауды түбегейлі өзгерттік. Әлемдік компаниялардың HR құралдарын енгіздік. Егер бұрын 4 кандидаттың біреуі судья болса, қазір 20 кандидаттың біреуі ғана судья болады. Әлсіздерге тосқауыл қойылды. 14 пайыз бос жұмыс орын бар, бірақ кездейсоқ кадрларға қарағанда осы жақсы, - деді Асанов. 

Съезге судьялар одағынан филиалдарынан сайланған 201 делегат қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы