Бас жаңалықтар
Енді елордалық дәрігерлер түркиялық әріптестерінің тәжірибесін қолданады
PHOTO
21 Маусым 2021, 16:01 2987

Енді елордалық дәрігерлер түркиялық әріптестерінің тәжірибесін қолданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркиядан келген дәрігерлердің елордадағы «Көпсалалы медициналық орталықтағы» әріптестерімен тәжірибе алмасу курсы басталды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Көпсалалы медициналық орталыққа» 30 пациентке арналған медициналық құрал-жабдық түрінде гуманитарлық көмек табысталды. Бұл қайырымдылық шарасы Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТІКА) қолдауымын ұйымдастырылды.


Агенттік осы қайырымдылық шарасы аясында елордалық дәрігерлерге сыйға тартылған техниканы қолдануды үйрету үшін Түркиядан мамандарды шақырды. Бауырлас елдің дәрігерлері оқыту курсын төрт күн бойы жүргізеді.

Medipor Ортопедия компаниясының басқарма төрағасы Мевлана Уйсал құрал-жабдықтарды қолданудың әдіс-тәсілдерін үйретеді.


Исмаил Гүрлек мырзаның ұсынған жобасы бойынша келіп отырмыз. Жобада Еуропа стандарттарына сай бөлім ашу көзделген болатын. Қазіргі таңда электрлік төсек-орын, шкаф, тумба және стол, орындықты қамтыған заманауи стандарттағы палата жасап жатырмыз. Сондай-ақ бағдарламасы Еуропада жасалған физиотерапия, электротерапия жабдықтарын алып келдік. Атап айтқанда, сырттан келетін 30 және жатып емделетін 30 пациентке физиотерапиялық ем әдістемелерін жүргізуге жеткілікті деңгейдегі стандарттарға ие боламыз. Бұл мұнда тек үйретеміз деп емес, сонымен бірге сіздерден де білмегенімізді үйрену үшін келдік. Себебі ортопедия және физиотерапияда әр сырқатты жеке тәжірибе деп қараймыз, - деді түркиялық дәрігер.

Мевлана Уйсал қазақстандық әріптестерінен тәжірибелерімен бөлісуді өтінді.

Сонымен қатар екінші маман - Анкара қалалық ауруханасының физиотерапия бөлімінің жағары санатты физиотерапист Ханифи Ерол.


Бұған дейін әріптестерім айтқандай, білгенімізді көрсету үшін келдік. Алдымен теория жүзінде, кейін техника құрылған соң тәжірибе жүзінде де бірге жұмыс істейміз. Оқыту курсында өткізілетін тақырыптарды 4 күнде үйреніп алу мүмкін емес. Дегенмен ең маңызды тақырыптарды қозғаймыз, - деді түркиялық физиотерапист.
Еске сала кетейік, бүгін ТІКА-ның қолдауымен елордадағы «Көпсалалы медициналық орталыққа» заманауи технологиялар сыйға тартылды.



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...