Бас жаңалықтар
Енді әр шетелдік турист үшін отандық туроператорларға 15 мың теңгеден беріледі
14 Маусым 2021, 18:29 428

Енді әр шетелдік турист үшін отандық туроператорларға 15 мың теңгеден беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты.

Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда қазақстандық туроператорлардың жұмысы көшпелі туризмге бағытталған. Енді туроператорлардың келу туризмі бойынша жұмысын ынталандыру үшін халықаралық тәжірибе негізінде әрбір шетелдік турист үшін туроператорларды 15 000 теңге мөлшерінде субсидиялау енгізіледі, - деп айтты ол.

Комитет төрағасының айтуынша, ұсынылып отырған субсидиялау жүйесі туроператорларды шетелдік туристердің кемінде 5 күн болу мерзімімен пакеттік сатуды (тұратын жері, экскурсиялары, трансфері, тамақтануы және басқалары) дамытуға ынталандыратын болады.

Олар туристен де ақша табады және мемлекеттен субсидия түрінде «сыйақы» алады. Мысалы, егер туроператор Қазақстанға турпакет құрамында 1 000 шетелдікті әкелсе, ол мемлекеттен 15 млн теңге алады, - деп түсіндірді Дастан Рыспеков брифингте.

Бұл қаражатты туроператорлар шетелдік әріптестермен өз әріптестігін одан әрі кеңейту және елімізге туристерді тарту жөнінде келісім жасасу үшін халықаралық көрмелерді ілгерілетуге және оған қатысуға пайдалана алады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...