Бас жаңалықтар
Енді еңбекке жарамсыздық парағын тексеруге болады
22 Қаңтар 2019, 17:45 2299

Енді еңбекке жарамсыздық парағын тексеруге болады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Енді Smart Astana мобильді қосымшасымен еңбекке жарамсыдық парағының түпнұсқалығын тексеруге болады. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған қосымшадағы арнайы QR-код арқылы еңбекке жарамсыздық парағын қашан және кім бергенін анықтауға мүмкіндік бар.

«Жұмыс берушілер еңбекке жарамсыздық туралы медициналық анықтамалардың интернетте еркін сатылатынын айтып, шағымданған. Бұл мәселені құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде де көтердік. Енді «Астана-адалдық алаңы» жобасы аясында Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы медициналық ұйымдар берген анықтаманың шынайылығын тексеретін ақпараттық қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз», - деді ол ұлттық бюрода өткен брифингте.

Сонымен қатар басқарма басшысы елордада алдағы уақытта қағаз анықтамаларын беру түбегейлі жойылатынын хабарлады.

Айта кетейік,  Астанадағы дәрігерлердің орташа жалақысы қанша екенін жазғанбыз. Сонымен қатар, Зеренді ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталғанын, Павлодар облысында жолдарды жөндеуге бөлінген 6,6 млн теңгені жымқырған кенті әкіміне қатыстытергеу басталғанын, әрі ауадан ақша жасаған мемлекеттік кәсіпорын директоры ұсталғанын, Алматы облысы әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы құжаттарды рәсімдеу үшін 150 мың теңге пара алғанын хабарлағанбыз.

Дәурен Ерболат

Сізден жаңалық