«Еңбек жолы-2021» байқауының қорытындысы шығарылды
21 Қазан 2021, 14:05 500

«Еңбек жолы-2021» байқауының қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды. 

Биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп түскен 550 өтінімнің арасынан үздік еңбек әулеті, үздік жастар тәлімгерлері мен жас жұмыскерлер анықталды.

Республикалық комиссияның отырысында конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары арасынан конкурс лауреаттары іріктелді. Комиссия құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, әлеуметтік серіктестер, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Атамекен» ҰКП және «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кірді.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында Шығыс Қазақстан облысынан келген Белогорцевтер әулеті жеңімпаз болып танылды. Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген Джумановтар әулеті алса, үшінші орынды Қарағанды облысынан келген Куриновтар әулеті иеленді, - делінген хабарламада. 
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері болып Маңғыстау облысынан Юсиф Кулиев танылды, екінші және үшінші орындарды Павлодар облысынан Наталья Акиншина және Алматыдан Светлана Габдушева иеленді.

Өндірістің үздік жас қызметкерлері: Батыс Қазақстан облысынан Рафхат Аяпов (1-орын), Ақмола облысынан Әділбек Әшімов (2-орын) және Түркістан облысынан Ілияс Сүйерқұл (3-орын). 

Жеңімпаздарды марапаттау биыл 28 қазанда «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумында өтеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...