Бас жаңалықтар
Еңбек және көші-қон заңнамасы мәселелері талқыланды
15 Қыркүйек 2021, 21:09 137

Еңбек және көші-қон заңнамасы мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы онлайн-кездесу өткізді. 

Онда тараптар Еңбек және көші-қон заңнамасы мәселелерін талқылап, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚЕБҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Досымбеков, ҚЕБҚ атқарушы директоры Юлия Кусаиди және ҚЕБҚ басқа да мүшелері қатысты.

Онлайн-кездесу барысында еңбек және көші-қон заңнамасының өзекті мәселелері, атап айтқанда, персоналды ұсыну, қызметкерлерді іссапарға жіберу, қашықтықтан жұмыс істеу, шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыспен қамтудың жаңа нысандары және т.б. мәселелер талқыланды.

Ақмәди Сарбасов баяндама жасады. Спикер еңбек қатынастарын заңнамалық деңгейде реттеу және Қазақстан жағдайында шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері туралы айтып берді.

Онлайн-кездесудің соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов пен ҚЕБҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Досымбеков Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде тараптар инвестициялық тартымдылықтың өсуі, еңбек және көші-қон заңнамасын жетілдіру, Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін бірлескен күш-жігер жұмсайтын болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...