Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
11 Қаңтар, 17:38 406

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Туған жылы: 1979 жыл

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. 

Білімі: Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.  

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.  

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.   

2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2020 жылдың маусымынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.


Фото: Ақорда
Загрузка...