Бас жаңалықтар
Енбек министрлігі қызметінің 80% электронды форматқа көшірілді
21 Ақпан 2020, 13:38 133

Енбек министрлігі қызметінің 80% электронды форматқа көшірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жүктеген тапсырмаға сәйкес, өткен жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде көрсетілетін қызметтің 80%-ы электрондық форматқа ауыстырылды. 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте вице-министр Нариман Мұқышев әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесімен және алдағы жоспарлармен бөлісті.

Министрліктің мемлекеттік қызметтерін цифрлау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. 2019 жылы ҚР Еңбекмині қызметінің 80%-ы электрондық форматқа ауыстырылды. Бүгінгі күні әлеуметтік-еңбек саласындағы 40 мемлекеттік қызметтің 18-і электрондық, 14-і проактивті, яғни SMS арқылы және 10-ы композиттен көрсетіледі. 2020 жылдың соңына дейін министрліктің электрондық форматта қолжетімді қызметтерінің үлесін 90%-ға дейін арттыру жоспарлануда, -  дейді Нариман Мұқышев бүгінгі баспасөз брифингінде. 

Бұдан басқа, вице-министр "электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" жобасына 26 мың ұйым қосылғанын хабарлады.

Бүгінгі таңда 1,1 миллионнан астам электрондық шарттар тіркелген. Бұл жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді, жұмысқа қабылдау процесін жеңілдетеді, құжаттардың жалған болу қатерін азайтады. Биыл Еңбек кодексіне түзетулер қабылданып, шарттарды жүйеде жүргізу міндетті болады деп сенеміз. Бұдан басқа, біз қызметкердің жеке ісін автоматты түрде қалыптастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Оның айтуынша, минисрліктің басты міндеті – жыл соңына дейін азаматтардың көрсетілетін қызметтердің 70%-ын электрондық форматта алуын қамтамасыз ету. 

Бүгінгі күні көптеген азаматтар проактивті қызметті ұсыну туралы SMS-хабарлама алған болса да, оған жауап бермейді және ХҚКО-ға барады. Цифрландыру өзара процесс екенін баса айтқым келеді. Қызметті электрондық немесе проактивті түрде қолжетімді ету жеткіліксіз, оны азаматтар пайдалануға тиіс. Сондықтан мен барлығын қызмет алудағы инновациялық әдістерді белсенді қолдануға шақырамын, - деп түйіндеді өз сөзін вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық жобаларды іске асыру және мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматқа көшіру арқылы республикалық бюджетте 3,03 млрд теңге үнемдеген болатын.

Осы соманы есептеу кезінде "Электрондық еңбек биржасы" және "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" сияқты жобалар, сондай-ақ электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтері ескерілген.


Фото: автордан
Загрузка...