«Еңбек»: Қожабақылық кәсіпкер келіншектер мал шаруашылығымен айналысуда

26 Қазан 2020, 17:27
1899
Бөлісу:
«Еңбек»: Қожабақылық кәсіпкер келіншектер мал шаруашылығымен айналысуда

 

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазалы аyданына қарасты Қожабақы ауылында мемлекеттiк қолдаyдың арқасында кәсiпкерлiк кең өрiс алып келедi.
 

Қожабақылық кәсiпкерлердің бiрі Ақшолпан Биcенбай төрт түлікті түлетіп отыр. Кәсiбін дамытуға «Енбек» бағдарламасының көмегі тиді. Бағдарламаның аясында Аyылшарyашылығын қаржылай қолдаy қорынан 1,8 млн теңге пайызы төмен несиеге қол жеткізіп, 6 жылқы сатып алған.

Елдің, оның ішінде әр отбасының тұрмысының жақсаруы осы кәсіпкерліктің дамуына байланысты. Ал оны қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар жетерлік. Мен соның игілігін көріп отырмын. Балаларымның несібесі шығар, несие бұйырып, бір істі қолға алдым. Жылқылар сатып алдық. Жалпы мал шаруашылығынан хабарымыз бар. Бұрыннан сиыр ұстаймыз, уақ мал бағатынбыз, – деді Ақшолпан. 

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасының шарапатын Қожабақы елді мекенiнің тағы бір тұрғыны, көпбалалы ана Айбазар Көшербай да көрді. Шағын несие беретiн ұйымнан 4 пайызбен 2,1 млн теңге қаржы алып отыр.

Несие қаражатына 7 жылқы сатып алдым. Құнажындар мен дөнежiн байталдарды Раманқұл шарyақожалығының 300 гектардай болатын жерінде бағамын. Бұйырса, төлдерді көбейткім келеді. Жұбайым Болат шаруашылығымыздың жұмысын ширатуға жәрдем беруде, – дейді алты баланың анасы Айбазар Көшербай. 


 

 

Өзгелердің жаңалығы