«Еңбек» бағдарламасы. Студенттерге ыстық тамақ, шәкіртақы, тегін жолақы беріледі

29 Қазан 2020, 12:24
3197
Бөлісу:
«Еңбек» бағдарламасы. Студенттерге ыстық тамақ, шәкіртақы, тегін жолақы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының жұмыс барысы туралы» тақырыбында ұйымдастырылған онлайн брифинг кезінде «Еңбек» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.

Шолпан Қадырованың айтуынша, елордада 33 колледж техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс істеп жатыр. Онда 26 мың студент оқиды, оның 14 мыңнан аса студент мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды. 77 мамандық және 1222 біліктілік бойынша мамандар даярланады. 

2017 жылдан бері баршаға арналған «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы 2 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Жергілікті бюджет есебінен жұмысшы мамандықтарын және орта буын бойынша кадрлар даярлау нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылады, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, жоба аясында қанша түлек жұмысқа орналасқаны туралы баяндады.

Биыл жоба аясында мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан 21 колледжде 4 652 орынға орналастырылды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша орташа 1 050 орын. Жобаға оқу орындарына түспеген 9, 11 сынып түлектері, жұмыс іздеп жүрген азаматтар, аз қамтылған отбасылардың және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Қадырова «Еңбек» бағдарламасы бойынша студенттерге ыстық тамақпен қамтамасыз ету, шәкіртақы және жылына екі рет берілетін тегін жолақы сияқты әлеуметтік көмек көрсетілетінін және 3 жыл ішінде жобаны жүзеге асыру жақсы нәтижені көрсеткенін айта кетті.

Өзгелердің жаңалығы