«Еңбек» бағдарламасы бойынша 60 мың адам жұмыспен қамтылды - Баталов

11 Қараша 2021, 18:22
716
Бөлісу:
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 60 мың адам жұмыспен қамтылды - Баталов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд теңге бөлінген.

Одан бөлек қосымша 250 бейнебақылау камерасы орнатылды, 154 қызметтік автокөлік сатып алынуда, тұрғын үймен біріктірілген төрт учаскелік полиция пункті салынды, 16 жаңа өрт сөндіру бекеті құрылды, - деді Амандық Баталов.

Сонымен әкімнің сөзінше, облыста әлеуметтік көмекті жалпы сомасы 10,3 млрд теңгеге 251 мың адам алған.

Экономикадағы тұрақты өсу, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қабылданған әлеуметтік қолдау шаралары халықтың табыс деңгейін сақтауға, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы белсенді жұмыспен қамту шараларымен 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қамтылды, -деді ол.

Өзгелердің жаңалығы