Емшіден қалған мұра

30 Тамыз 2019, 17:36
5848
Бөлісу:
Емшіден қалған мұра

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы белгілі емші Үміт апаның жеке заттары музей қорына тапсырылды.

Тұрғындар арасында «Халық емшісі» атанып кеткен Үміт апа өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап, сырқаттандарды емдей бастаған. Аты аңызға айналған тұлға туралы енді Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі экспозициядан білуге болады.

Үміт Сұбатылованың кимешегі мен салтанатты киімі, сонымен қатар, талай сырқам жазба қалдырған «Тілектер кітабы» музейдің құнды жәдігерлерінің қатарына енбек.

Үміт апа өз заманында адамдарды бай немесе кедейге бөлмей, көмекке зәру адамдардың барлығын қабылдаған. Оның жеке заттарын музейге қызы Бақыт тапсырды. Бүгінде Бақыт апа анасының ізгі жолын қуған.

кам1.jpg

«Үміт апа - аңыз адам, ал оның өмірі бір дәуірге пара пар. Кеңес дәуірінде оның қабылдауына еліміздің түспір-түкпірінен мыңдаған адам ағылатын. Ол Меккеге барып, мұсылмандық парызын өтеген қажы әйел болған. Апаның көмегіне жүгінгендердің қатарында құрсақ көтергісі келетін әйелдер көп болыпты», - дейді Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Гүлжанат Әлиева.

Бүгінгі таңда Павлодар қаласының іргесінде Үміт апа үңгірі бар. Емші көзі тірісінде биыл 90 жасқа толар еді. Мерейтоға орай жергілікті жомарт азаматтар қаржы бөліп, елді мекеннің жолдарын жөндеп берген.

кам2.jpg

Айта кетейік, облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қорды молайту мақсатында этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылады. Кешенді жұмысқа облыс аймақ тұрғындары да белсенді қатысуда.

 


Өзгелердің жаңалығы