Емізулі аналарға вакцина салынуы мүмкін бе? – Цой жауап берді

20 Тамыз 2021, 17:33
11372
Бөлісу:
Емізулі аналарға вакцина салынуы мүмкін бе? –  Цой жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Сондай-ақ Pfizer вакцинасына қатысты тоқталды.

Аталған вакцинаны өндірушілерге халықтың қандай топтарын қамтуы мүмкіндігі туралы сауал жіберілген көрінеді.

Біз қазір өндірушілерге сауалдар жібердік. Вакцинаның өзі жеткізілген соң нақты нұсқаулықтар мен ұсынымдар да болады. Халықтың қандай топтарын қамтуға болатындығын да біле аламыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ведомство басшысының айтуынша, алдын ала айтылған деректерге сәйкес, 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге аталған екпені салуға болады делінген. Алайда бала емізетін аналарға бұл вакцинаның салыну-салынбауы туралы әлі нақты ақпарат жоқ.

Бізге әзірге 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салуға болады деп алдын ала айтылған еді. Өйткені біз халықаралық ресурстардан алған қолданыстағы нұсқаулықтарда солай деп көрсетілген. Бірақ бізге жеткізіліп, нұсқаулықтар қолымызға тиген соң бұл тізім көбеюі мүмкін. Содан соң аталған вакцинаны салуға болатын халықтың қосымша топтарын анықтап көре алатын боламыз, - деп атап өтті Алексей Цой.


Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңа оқу жылы қарсаңында қанша мектептің санитарлық талаптарға сай еместігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы