Бас жаңалықтар
Елорданың санитарлық дәрігері карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулыға қол қойды
24 Маусым 2021, 21:44 3174

Елорданың санитарлық дәрігері карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасының негізінде елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа қаулыға сәйкес елордада коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмауға бағытталған қосымша шектеу шаралары енгізілуде.

Сонымен, сауда ойын-сауық орталықтарының апта ішіндегі жұмыс уақыты 10:00-17:00 аралығына белгіленді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. СОО-да орналасқан азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сататын дәріханаларға, шағын маркеттерге, супермаркеттер мен гипермаркеттерге, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттеріне, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарына бұл шектеу қолданылмайды.

Қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қалады: жұмыс күндері және сенбі күні штаттық режимде, ал жексенбіде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 27 маусым күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...