Елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясына Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді

30 Қыркүйек 2021, 15:11
2457
Бөлісу:
Елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясына Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сіздермен керемет жаңалықты бөліскім келіп отыр! Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 12 нысанға, яғни білім ошақтарымен мәдени мекемелерге қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов.


Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына белгілі композитор Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді! Ғұмырын қазақ мәдениеті мен өнеріне арнаған, талай шығармаларды дүниеге әкелген, симфониялық күй жанрының негізін салушы, көрнекті композиторға әбден лайық деп білемін. 

Есімдері алтын әріппен жазылатын тау тұлғаларымыз мәңгі жадымызда. Баршамызға құтты болсын дегім келеді, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы