Елорданың жекелеген аудандарында ыстық су беру тоқтатылады

16 Сәуір 2019, 17:28
1978
Бөлісу:
Елорданың жекелеген аудандарында ыстық су беру тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктем-жаз мезгілінде қаланың жылу желілеріне гидравликалық сынау жүргізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Сынауға дайындау және оны жүргізу кезінде құбырлардың тығыздығы мен беріктігін және орнатылған арматура мен реттеуші арматураны тексеру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының кейбір аудандарында жылу желілеріне гидравликалық сынау жүргізіледі.

«Сынақты дайындау және өткізу кезінде құбыржолдардың тығыздығы мен беріктігін, орнатылған бекіту және реттеу арматурасын тексеру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының жекелеген аудандарында ыстық су беру тоқтатылады», – делінген хабарламада.

Берілген ұйғарымға сәйкес кәсіпорын мен ұйым басшылары, ПИК және ТК төрағалары осы кезеңде балансында жылу трассалары бар тұтынушылардың ыстық сумен жабдықтау жүйесін ажыратып, персоналдың кезекшілігін аталған мерзімде ұйымдастыруы қажет. Жылу желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы тиіс. Сынау кезеңінде нысанда ыстық судың ажыратылатын күні және нысандар тізімі алдын-ала хабарланады.


Өзгелердің жаңалығы