Елорданың тұрғын алабында жаңа саябақ құрылысы жүргізілуде

2 Тамыз 2020, 13:24
1502
Бөлісу:
Елорданың тұрғын алабында жаңа саябақ құрылысы жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жоспары аясында дамуда. Серуендеп, спортпен шұғылдану үшін орындар ұйымдастыру – басым бағыттардың бірі.

Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов өзінің instagram парақшасында жазды. 
Біз әр ауданда, әр елді-мекенде арнайы орындардың болғанын қалаймыз. "Көктал" елді мекенінде үлкен саябақтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол үш аймақтан тұрады. Біріншісі – тыныш демалыс аймағы. Ол жерд амфитеатр болады, 4 мың 300-ден астам ағаш отырғызамыз. Екінші аймақ – спорттық демалысқа арналады. Ол жерде футбол алаңын, волейбол және баскетбол алаңын, теннис кортын орнатамыз. Сондай-ақ, скейтбордтық алаң және йога орны болады, – деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

Үшінші аймақ - балалардың демалысына арналған орын. Барлық аймақтарды қыста да қолдануға болады. Тұрғындар конькимен, шаңғымен және т. б. шұғылдана алады.

Жалпы биыл 50 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150-ге жуық ауланы абаттандырамыз. Сонымен қатар, елді-мекендерде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, тағы біреуі келесі жылы басталады, – деп атап өтті Алтай Көлгінов.


Өзгелердің жаңалығы