Елорданың орталық көшелеріндегі автобус бағдары уақытша өзгереді

19 Тамыз 2019, 22:57
1526
Бөлісу:
Елорданың орталық көшелеріндегі автобус бағдары уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгертіледі, деп хабарлады alrt.kz

"Түркістан көшесі бойында жол жөндеу жұмыстарына байланысты 19 тамыз күні №№ 47, 54 бағдарлардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді. Бағдарлар Алматы, Мәңгілік Ел көшелері арқылы қатынайды. Қоғамдық көлікке қатысты басқа да шектеулер болуы мүмкін. Қосымша ақпарат біздің парақшамызда жарияланатын болады", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы