Елорданың медицина қызметкерлері «Жұлдызды марафон» спорттық челленджіне қатысты

23 Маусым 2019, 13:14
3058
Бөлісу:
Елорданың медицина қызметкерлері «Жұлдызды марафон» спорттық челленджіне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елорданың медицина қызметкерлері «Жұлдызды марафон» спорттық челленджіне қатысты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Елорданың медицина қызметкерлері «Жұлдызды марафон» спорттық челленджіне қатысты

Шараны Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен қала әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Жастар жылы аясында өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты: таза ауада дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысуға баулу.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Дамир Көпжасаров іс-шараға қатысушыларды Қазақстанда 23 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік қызметкер күнімен құттықтап, жүгіру – мегаполис тұрғындарының физикалық формасын ұстауға қажетті ең қолжетімді және танымал әдістердің бірі екенін атап өтті.

«Біздің денсаулығымыз өзіміздің қолымызда, сондықтан, біз оны сақтауымыз керек. Салауатты өмір салтын ұстану жолына бағыт алған елорда тұрғындарының қатары күн санап артуы қуантады», - деді ол.

Жігерлі рухты таза ауада спортпен шұғылданушылардың жанкүйерлері бодибилдингтен Қазақстанның қола жүлдегері, бодибилдингтен Орталық Азия чемпионатының ТОП 5 мүшесі, пауэрлифтингтен Нұр-Сұлтан қаласының алтын жүлдегері Азиза Талпақова және басқалармен жарысқа қатысты.«Qazaq Batyry» жекпе-жек академиясының кәсіби тренерлері жаттығу өткізді.

Іс-шара соңында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов, мені бүгін балалардың жарысқа қатысуы қуантады, себебі денсаулық бала кезінен қалыптасады, деді. Ол челленджі кәсіби мерекесін 23 маусымда атап өтетін Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі істер департаменттіне тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы