Елорданың мәслихат депутаттары қаладағы аула клубтарымен танысты

12 Қыркүйек 2019, 16:32
1679
Бөлісу:
Елорданың мәслихат депутаттары қаладағы аула клубтарымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жолы мәслихат депуттары Нұр-сұлтан қалалық әкімдігінің «Астана Жастары» КММ аула клубтарының ішінен «Жас қанат» және «Шағала» клубтарына барды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

«Астана Жастары» КММ басшысы балаларды жан-жақты дамыту үшін жүргізілетін секциялар, жұмыс шарттары мен алдағы жоспарлармен таныстырды. Аула клубтарының тынысымен танысқаннан кейін депутаттар жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру үшін бірқатар ұсыныстарымен бөлісті. 

ула клубтары көпфункционалды мәдени-спорттық орталықтар қызметін атқарады. Онда тәрбиеленіп жүрген жасөспірімдер мен балалар қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Араларында Болгария, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Венгрия, Италиядағы додаларда жеңімпаз атанғандар да бар", - делінген таратылған хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы