Елорданың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

3 Маусым 2019, 13:58
1534
Бөлісу:
Елорданың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның 2-нен 5-не дейінгі мерзімде жөндеу жұмыстарына байланысты Көктал көшесінен бастап Тамшалы көшесіне дейінгі учаскеде М. Дулатов көшесі бойында автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік полиция басқармасымен бірге, автокөлік жолдарын орташа (ағымдағы) жөндеу шеңберінде Көктал көшесінен бастап Тамшалы көшесіне дейінгі учаскеде М. Дұлатов көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың маусым айының 2-нен 5-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - деп жазылған хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.



Өзгелердің жаңалығы