Елорданың кей көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

3 Мамыр 2019, 22:42
2005
Бөлісу:
Елорданың кей көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейімбет Майлин көшесінің бір бөлігіндегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қозғалысқа шектеу автомобиль жолдарында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автомобиль жолдарын орташа жөндеу аясында Тәуелсіздік даңғылы мен Қ. Сәтбаев көшесінің аралығында жатқан Б. Майлин көшесінде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлауда.

«3-15 мамыр аралығында жоғарыда аталған жол учскесінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады. Қала көшелерінде кептеліс тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген ведомствоның хабарламасында.  
Өзгелердің жаңалығы