Бас жаңалықтар
Елорданың балалар үйінде тегін оңалту тобы ашылды
16 Қазан 2019, 18:55 224

Елорданың балалар үйінде тегін оңалту тобы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандандырылған балалар үйінде" ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсету мақсатында "Ботақан" және "Күнім" оңалту-сауықтыру топтары ашылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысумен аталған оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті.

"Мемлекет басшысының Жолдауында ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аудару туралы айтылған. Біз қалалық әкімдіктің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және "Nur Otan" партиясының қолдауымен бүгін 2 оңалту орталығын ашып отырмыз", - деді Мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева.

Орталықта жаңадан ашылған "Күнім" тобына сал ауруы, Даун синдромы және тағы да басқа аурулар анықталған балалар қабылданады. Оларға реабилитолог, невропатолог, педиатр, логопед және психолог мамандары көмек көрсетеді. Сонымен қатар бассейн бар. Ал "Ботақан" дені сау, бірақ түрлі қиын жағдайларға тап болған балалар үшін ашылды. Айта кетейік, оңалту-сауықтыру орталықтарына 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға тегін қызмет көрсетіледі. Әр топқа 15 бүлдіршін қабылданады.

"Баласын жалғыз тәрбиелеп жатқан әкелер, көп балалы аналар бар. Біз балалар үйінің қызметкерлері ретінде осындай жандарға көмектескіміз келеді", - деді Кенжебаева.



Фото: дереккөз
Загрузка...