Елорданың қай аудандары газға бірінші қосылатыны белгілі болады

18 Қазан 2019, 16:21
2040
Бөлісу:
Елорданың қай аудандары газға бірінші қосылатыны белгілі болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда бірінші кезегі бойынша құбырларды тарту мен газреттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жобаның бірінші кезегінде газреттегіш желілерінде ЖЭО-1,2,3, "Көктал-1,2" т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа (оң және сол) дейін газ беруді жоспарлап отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды. Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ші ПК) газ жүргізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3- ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады", - делінген таратылған ақпаратта.

Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады.


Өзгелердің жаңалығы